Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!

2021 жылғы 1 маусымнан бастап «Шарттар» модулінде Өнім берушінің веб-портал арқылы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, бірақ камералдық бақылау жүргізуден бұрын емес «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу» сатып алу (бұдан әрі – ТШЖА БКА) тәсілімен шартқа қол қою мүмкіндігі бөлігінде пысықтау іске асырылғанын хабарлаймыз.

МСА туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы айрықша болып табылады, осылайша Жүйе камералдық бақылауды жүргізуді күтпестен Тапсырыс беруші шартқа қол қойғаннан кейін дереу МСА туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы бойынша ТШЖА БКА тәсілімен Өнім берушінің шартқа қол қоюын қолжетімді етеді.