Бас санитар дәрігер мен вице-министр "Спутник V" вакцинасын салдырды

Бас санитар дәрігер мен вице-министр "Спутник V" вакцинасын салдырды

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтанның № 6 қалалық емханасында "Спутник V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды.
Олар 1 ақпанда таңертең екпе салдырды.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник V"-мен ерікті вакцинациялау науқаны басталды.
Айта кетейік, ақпанда Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін - ай сайын 600 мың дозаны жеткізеді.