Тәулік ішінде Қызылорда өңірінде короновирустың 2 жағдайы тіркелді

Тәулік ішінде Қызылорда өңірінде короновирустың 2 жағдайы тіркелді

Соңғы тәулікте Қызылорда өңірінде коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелген. Науқастар Қызылорда қаласынан анықталған. Тәулік ішінде 1 науқас емделіп шықты. Осы кезге дейін індеттен 3255 азамат айыққан.

24 сағат ішінде зертханаларға 1021 сынама тапсырылған. Оның 431 сынама сынама тексерілген, 608 сынама бойынша жұмыс жүргізілуде. Қалдық тест саны – 16152. Эпидемиологиялық ахуал басталғалы бері 142438 сынама алынған.

Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 15 науқас ем алуда. Облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 2 науқас ем алуда.