Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясымен 1 науқас тіркелді

Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясымен 1 науқас тіркелді

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 3 294. Соңғы тәулікте 1 жағдай тіркелді. Ал індеттен айыққан науқастар саны 3254-ке жетті.

Бүгінде инфекциялық стационарда – 15 науқас , ал инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 2 науқас ем алуда.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 14 437, тікелей қарым-қатынас – 11 689, ықтимал қарым-қатынас – 2 739.

Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 512 сынама, тексергені – 176, жұмыс жасалуда – 336. Қалдық тест саны – 16 286. Эпидмаусым басталғалы бері 141 417 сынама алынды.