Кезекті құқықтық оқыту шарасы өткізілді

Кезекті құқықтық оқыту шарасы өткізілді

2020 жылдың 23 қараша күні облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында кезекті құқықтық оқыту шарасы өткізілді.
Басқарманың ұйымдастыру-кадр және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Серіков Асылхан Болатбекұлы "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен пандемия болып жарияланған COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында басқарма қызметкерлері арасында санитариялық сақтық шараларын орындау қажеттілігі туралы" және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қарашадағы №64 қаулысында көрсетілген талаптарды орындау туралы", сондай-ақ "Б корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысыу тәртібімен орналасу қағидалары туралы" тақырыптарында құқықтық оқыту жүргізді.
Сонымен қатар, №3 мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Имаш Дәулет Ғабитұлы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі туралы» тақырыбында баяндама жасады .
Аталған құқықтық оқыту шеңберінде басқарма қызметкерлері арасында бір қатар сұрақтар қойылып пікір алмасулар жасалды.