Құрылыс кеңесінің отырысында мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген өзгерістер талқыланды

Құрылыс кеңесінің отырысында мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген өзгерістер талқыланды

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлермен мемлекеттік органдардың қатысуында салалық құрылыс кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес құрылыс-монтаждау, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын және техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін реестрге енгізу, қазынашылық органдарымен растау тәртібі талаптарының күшейтілгендігін атап өтіп, қатысушыларға толық ақпарат ұсынды.

Шара соңы қатысушылардың сұрақ-жауап алмасуымен жалғасын тауып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге қатысты өз сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.