Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары үшін «Мемлекеттік сатып алулардың бірқатар өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске облыстық басқармалардың, қала және аудан әкімдіктері мен оларға қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары мен есепшілері қатысты.
Семинар барысында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлерімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, оларды тәжірибеде дұрыс қолдана білу жөнінде толық ақпараттар берілді.
Семинардың қорытындысымен қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарды болдыпмау және заңнаманы жетілдіру бағытында пікір алмасты.
Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласындағы заң талаптарын бірізді қолдануды қамтамасыз ету, рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыру және жауапты мамандардың кәсіби біліктілігін жоғарылату болып табылады.