Қазалы ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуларға жауапты мамандарына мемлекеттік сатып алудың заңдылықтары мен рәсімдері түсіндірілді

Қазалы ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуларға жауапты мамандарына мемлекеттік сатып алудың заңдылықтары мен рәсімдері түсіндірілді
 
Бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшылары Алия Савлябекова мен Нұрлан Аймаханов Қазалы ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарына «Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу мен бекіту және мерзімінде жүзеге асыру» тақырыбында «Zoom» жүйесі арқылы онлайн форматта түсіндірме семинар-кеңес өткізді.
 
Семинар-кеңесте мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен бұзушылықтарды алдын алу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу рәсімдері мен қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістер талқыланып, қатысушыларға мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын әзірлеуді, мерзімінде жүзеге асыруды, шарт жасау рәсімдері түсіндірілді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды