«AMANAT» Партиясы алаңында мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды

«AMANAT» Партиясы алаңында мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды
«АMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңес отырысында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарының есебі тыңдалды.
 
Кеңес отырысына «АMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ аймақтық кеңес мүшелері қатысты.
 
Кеңес отырысында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов мемлекеттік сатып алу саласында атқарылған жұмыстарды баяндап, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңның нормалары мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталғанын атап өтіп, алдағы уақытта осы саланы жетілдіру бағытында атқарылатын жоспарларымен таныстырды.
Шара соңында кеңесі мүшелері тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныс пікірлері тыңдалып, тиісті жауаптар беріліп, саладағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстер енгізу жөнінде тілектер білдірілді.