Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастырыуымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының өкілдерінің және Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадырдың қатысуында басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмауға, сондай-ақ әдеп кодексінің нормаларын сақтауға бағытталған құқықтық оқыту шарасы өткізілді.
Шарада мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, әріптестерімен қарым-қатынас кезіндегі әдеп стандарттары, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылықтары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, шара барысында басқарма қызметкерлеріне
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасымен арнайы дайындалған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дайындалған арнайы бейнероликтеры таныстырылды.
Шараны қорытындылаған басқарма басшысы Бауыржан Шаменов ұжымға мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары мен белгіленген шектеулерді сақтау және сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігін түсіндіріп, алдағы уақытта да басқармада осы бағыттағы ауқымды профилактикалық шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді.