
Бүгін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында облыстық мемлекеттік сатып алу және білім басқармасының және облыстық кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруларымен облыстық білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында білім алушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға облыстық мемлекеттік сатып алу, білім басқармаларының қызметкерлері, білім беру ұйымдарында қызмет көрсетіп отырған өнім беруші кәсіпкерлер, сондай-ақ білім басқармасына бағынысты білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандары қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мен білім басқармасының қызметкерлері Қызылорда облысының мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру тәртібіне тоқталып, қатысушыларға заң нормаларын жан-жақты түсіндіріп, оларды тәжірибеде дұрыс қолдана білу және заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттілігі жөнінде тиісті ақпараттар берді. Шара соңында қатысушылар тарапынан көтерілген өзекті мәселелері тыңдалып, тиісті жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды.