Ветеринария және табиғи ресурстарды пайдалануды реттеу салаларының қызметкерлеріне мемлекеттік сатып алудың заңдылықтары түсіндірілді

Ветеринария және табиғи ресурстарды пайдалануды реттеу салаларының қызметкерлеріне мемлекеттік сатып алудың заңдылықтары түсіндірілді

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен облыстық ветеринария және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының, сондай-ақ оларға бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарына «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер және заңнаманы қолдану барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында түсіндірме семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен бұзушылықтарды алдын алу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу рәсімдері мен қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістер талқыланып, қатысушыларға мемлекеттік сатып алуды жариялауға қатысты өтінімдерді ұсыну алгоритмі түсіндірілді.

Шара соңында қатысушылар тарапынан салаға қатысты қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды. орысша аударып берші