Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен облыстық білім басқармасының және оларға бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарына «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер және заңнаманы қолдану барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында түсіндірме семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Қуандық өзінің баяндамасында мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен бұзушылықтарды алдын алу бойынша мәселелеріне тоқталып, қатысушыларға мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу тәртібі мен қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістерді, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын әзірлеу, мерзімінде жүзеге асыру, жеңімпаз деп танылған өнім берушілердің шарт жобасын әзірлеу алгоритмін түсіндірді.
Шара соңында, қатысушылардың жұмыс барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстары тыңдалып, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты қойылған бір қатар сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды.