Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және оларға бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарына «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер және заңнаманы қолдану барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында түсіндірме семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен бұзушылықтарды алдын алу бойынша мәселелері талқыланып, қатысушыларға мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу тәртібі мен қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістер, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын әзірлеу, мерзімінде жүзеге асыру, жеңімпаз деп танылған өнім берушілердің шарт жобасын әзірлеу алгоритмі түсіндірілді.
Шара соңы қатысушылардың сұрақ-жауап алмасуымен жалғасын тауып, қатысушылар түрлі тақырыптарда өз сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.