Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруыменоблыстық денсаулық сақтау басқармасы мен оған бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарына «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер және заңнаманы қолдану барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында түсіндірме семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Қуандық өзінің баяндамасында мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдеріне, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістерге тоқталып өтіп, семинарға қатысушыларға кеңінен ақпарат ұсынды.
Шара соңында, қатысушылардың жұмыс барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстары тыңдалып, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты қойылған бір қатар сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды.