Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының, оларға бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарына «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер және заңнаманы қолдану барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында түсіндірме семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен бұзушылықтарды алдын алу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу рәсімдері мен қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістер талқыланып, қатысушыларға мемлекеттік сатып алуды жариялауға қатысты өтінімдерді ұсыну алгоритмі түсіндірілді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан салаға қатысты қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды.