Бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданында «Мемлекеттік сатып алудың бірқатар өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері, ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімдігі мен аудандық білім, мәдениет және спорт бөлімдеріне қарасты мекемелердің басшылары және мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандар қатысты.
Семинар бағдарламасына сәйкес, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мен ішкі аудит департаментінің мамандары қатысушыларға мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіріп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы нақты мәліметтер берді.
Шара соңында қатысушылар күнделікті жұмыс барысында туындайтын сұрақтар мен мәселелерін ортаға салып, өзара пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.