Арал ауданында мемлекеттік сатып алу бойынша семинар-кеңес өткізілді

Арал ауданында мемлекеттік сатып алу бойынша семинар-кеңес өткізілді

Бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұйымдастыруларымен Арал ауданында «Мемлекеттік сатып алудың бірқатар өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері, ауыл әкімдері, аудан әкімдігіне және аудандық білім, мәдениет, спорт бөлімдеріне бағынысты мекемелердің басшылары мен мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандары қатысты.

Семинар-кеңестің бағдарламасына сәйкес облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мен ішкі аудит департаментінің қызметкерлері семинарға қатысушыларға мемлекеттік сатып алу заңнамаларына енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіріп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажет екендігіне тиісті түсіндірмелер берді.

Шара соңында, қатысушылардың жұмыс барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстары тыңдалып, мемлекеттік сатып алуларды өткізу рәсімдеріне қатысты қойылған бір қатар сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды.