Меню
Страницы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргуздің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының (әрі қарай – Басқарма) 2026 жылғы 24 ақпандағы №1748-НҚ бұйрығымен құрылған құрамдағы жұмыс тобымен Басқарманың қызметіне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

         27.03.2026 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталық жетекшісі, Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі
Қ.Ғ. Бекеновтың және басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау отырысы өткізіліп, олардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.

         Оған қоса, жария талқылау қорытындысымен ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою жөніндегі іс-шара жоспарын белгілеу ұсынылды.

         06.04.2026 жылы ішкі талдаудың нәтижесімен талдамалық анықтама жасақталып, Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдыртпау мақсатында қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығын жетілдіру бойынша 7 ұсыным берілді.

         10.04.2026 жылы Басқарма басшысымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

         Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар бойынша ақпараттар Басқарманың ресми интернет-ресурсына жарияланды.

         Сонымен қатар, жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен саладағы нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 7 ұсыным жолданып, ол ұсынымдар уәкілетті орган тарапынан қазіргі таңда қаралуда.

         24.04.2026 жылы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастырылуымен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Оралбаеваның және Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадырдың қатысуында басқарма қызметкерлеріне қаржылық сауаттылық, лудоманияның зардаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер тақырыптарында арнайы дөңгелек үстел өткізілді.

Социальные медиа
Әлеуметтік желілер
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты