Облыс аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Облыс аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Облыс аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес қала аумағындағы құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы басқарма қызметкерлерімен бірге Қызылорда қаласы, Сыздық, Шіркейлі, Жанадария каналдарын реконструкциялау, Қызылжарма каналы бойынан көпір құрылысы және Тұнғыш Президент саябағы мен орталық паркті реконструкциялау жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында, мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертті.