Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

2020 жылғы 10 қыркүйек күні Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстағы іске қосылатын нысандар туралы мәжіліс өтті. Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов және басқарма басшысы Марсбек Молдабаев атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Ағымдағы жылдың 8 айында мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын 322 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның 165 бюджет қаражаты есебінен, 157 жеке қаражат есебінен салынуда.
Нысандарда құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтіліп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жалпы 53 жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылып, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде 11 нұсқама берілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 33 нысанға қатысты әкімшілік шара көрілді.
Сонымен бірге, жыл басынан бері заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 33 әкімшілік іс қозғалып, 9 млн. 280 мың тенге айыппұл салынды.
Айта кетейік, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий енгізілуіне байланысты өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда ағымдағы жылы жалпы жүргізілген тексерулер саны 41-ге %, қозғалған әкімшілік істер 59 % азайған.
Мемлекет тапсырысы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары туралы барлық ақпаратқа халықтың қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету, құрылыстың сапасына қатысты тұрғындармен кері байланыс орнату жолымен орын алған бұзушылықтарды дер кезінде жоюға жағдай жасау мақсатында Halyq Monitoring» сайты жұмыс жасауда.
Бұған қоса, техникалық қадағалау сарапшыларының айлық есептерін электронды форматқа көшіру мақсатында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының «Smart city» тұжырымдамасы аясында "TexStroi-Smart" жобасы әзірленді.
Бұл жобаны іске қосу нәтижесінде "TexStroi-Smart" электронды платформасына 100-ден астам техникалық қадағалау сарапшылары тіркеліп, оларға ай сайынғы есептерін электронды платформа арқылы тапсыруларына жағдай жасалды.
Жалпы барлық нысандар құрылысына мемлекеттік бюджет есебінен 9,7 млрд.теңге қаржы бөлінді, 10 қыркүйектегі жағдай бойынша жоспарланған 4,1 млрд.теңге қаржы толықтай игеріліп, жоспар 100%-ға орындалды. Жиын соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді, бақылау жұмыстарын күшейтуді және мерзімінде аяқтауды тапсырды.