Құрылыс процестеріне қойылатын негізгі талаптарға түсіндірме беру жұмыстары жалғасуда.
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің мамандары құрылыс процестеріне қойылатын негізгі талаптарға түсіндірме беру жұмыстары қала тұрғындарына жүргізілді. Кәсіпкерлік мақсатта объект салу үшін қандай шарттарды орындау керектігін және құрылыс ережелеріне сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу қажет екендігі ескертіліп, түсіндірме парақтары таратылды.