ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы «Құрылыс – монтаж жұмыстарының сапасына мониторинг жасау» бөлімінің басшысы лауазымына Басқарма басшысы М.Молдабаевтың 01.09.2020 жылғы №67-ЖҚ бұйрығымен  Алматов Ринат Оразалыұлы тағайындалды.

Алматов Ринат Оразалыұлы 1988 жылы 8 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылында дүниеге келген.

2005-2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы КМУ колледжінің ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдалану мамандығын алды.

2009-2010 жылдары Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.

2010-2013 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінің Құрылыс мамандығына оқуға түсіп, 2013 жылы  құрылысшы инженер мамандығын алды.

2018-2020 жылдары "Болашақ" университетінің  "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алып, құқықтану бакалавриаты атанды.

Мансабы:

2010-2013 жылдары «Абу-Сер» ЖШС-і, аймақ шебері

2014-2015 жылдары «УМР» ЖШС-і, аймақ басшысы

2015-2017 «Байтерек-Девелопмент» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша техникалық қадағалаушысы

2015- 2018 жылдары «НС и К» Сервис, ЖШС-і директоры

05.01.2018-30.05.2018 жылдары «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мм-сі, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциялау бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы

30.05.2018 жылдан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мм-сі, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциялау бөлімінің бас маман қызметін атқарып келді.