Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!
Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат
ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Әрқашан осы биіктен көрінуді жазып, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілей отырып, Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Еліміз, жеріміз гүлденіп, көркейе берсін! Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін.
Ізгі ниетпен Қызылорда облысының
бақылау жөніндегі басқармасының басшысы
Қалиев Ғанижан Піртазаұлы