1. Алдымен электронды еңбек шартын жасасудың жолдарынан бастайық. Ол үшін кәсіпкер
https://hr.enbek.kz порталына кіріп, тіркеледі. Одан соң, авторизациядан өтіп, «Еңбек шарты» деген батырманы басады. Шыққан терезеге қызметкер туралы мәліметтерді жазады. Портал автомат түрде толтыратын тұстарды шығарып береді.
2. Содан кейін жүйе енгізілген деректерді өңдеп, мемлекеттік органдарда тіркелгені туралы ақпаратты сұратып, жұмыс берушіге қызметкердің жеке іс-қағазын цифрлық форматта жасап береді.
3. Одан соң дайын шаблонға сәйкес портал еңбек шартының дайын мекетін әзірлейді. Қандай да бір өзгеріс енгізу керек болса, алып-қосуға болады. Сонымен шарт жасау процесі аяқталады. Бұдан бөлек, қызметкер өзінің жеке іс-қағазын қалаған кезінде қарай алады. Ол үшін аталған порталдағы жеке кабинетіне кіріп, еңбек шартының шаблонына электронды цифрлық қолтаңба қоя алады. Электронды еңбек шартын кәсіпорын өзінің цифрлық құжаттар мұрағаты сақталатын жүйесінде де жасауына болады. Дегенмен бұл жерде біршама қиындық туындауы мүмкін. Айталық, сол жүйені қолдануы үшін мекеме Еңбек шартының бірыңғай жүйесіне қосылған болуы керек. Сондай жағдайда ғана электронды еңбек шартының күші болып, еңбек шарттары жүйесінің реестрінде тіркеледі.