
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаздың алғашқы күнімен келетін бұл мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін мерейлі сәт.
Халқымыз «Балалы үй базар», «Бала – болашағым, жалғасым» деп ерекше мейіріммен айтқан. Мұның өзі халқымыздағы ата-ана мен баланың арасындағы ерекше байланыс пен ежелден үзілмеген ұрпақтар сабақтастығы. Бала бақытын бағына балаған ата-ана үшін бұл мерекенің маңызы да, мағынасы да терең.
Біздің көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да сендердің жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін!
Осынау бақытты балалық шақтарың еліміздің адал азаматы болуға жетелесін. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Жасампаз істердің барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалып жатыр.
Барлығыңа мықты денсаулық, баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жүздеріңнен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріңе тек мейірім мен шапағат ұяласын. Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда облысының бақылау
жөніндегі басқармасының басшысы
Қалиев Ғанижан Піртазаұлы