Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының 2023 жылдың 4 айы қорытындысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу және олар бойынша шешім қабылдау туралы
2023 жылдың 4 айында басқармамен еңбек саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты жалпы 33 әкімшілік іс қозғалған.
Жалпы қозғалған әкімшілік істердің 29 басқармамен қаралса, 4 қарау реттілігімен сотқа жолданған.
Жалпы басқармамен қаралған әкімшілік істердің 8 ескерту берілген, 18 әкімшілік айыппұл жазасы қолданылған, 1 бойынша айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін құжаттары сот актілерін орындаушы органдарға жолданған, 2 қаралу сатысында.
Басқармамен қозғалған әкімшілік істер бойынша 2 млн. 596 мың 125 теңге айыппұл салу жазасы қолданылған. Салынған әкімшілік айыппұлдардың 2 млн. 113 мың 125 теңгесі немесе 82% бюджетке нақты өндірілсе, қалған 483 мың 000 теңге өндірілу сатысында.