Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының  2022 жылы атқарған жұмыстары туралы

 

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы өзіне жүктелген негізгі функционалдық міндеттерді жүзеге асыруда 2022 жылы бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Басқармамен жыл көлемінде барлығы 394 тексеру шаралары жүргізілді, оның ішінде 51-і жоспарға сәйкес, 275-і жоспардан тыс, 93-і құқық қорғау органдарының талаптары негізінде жүзеге асырылды.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 169 нұсқама беріліп, 141-нің (83%) орындалуы қамтамасыз етілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс және еңбек саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 216 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, оларға 28,1 млн. теңге айыппұл салу жазасы қолданылды, оның  19,1 млн. теңгесі (68%) өндірілді. Қалған (9 млн.тенге) айыппұлдарды өндіру бойынша тиісті шаралар қабылдануда. 

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардан түскен 1474 өтініштің (оның 1324-і - еңбек, 150-і - құрылыс саласы бойынша) 1096-ы (оның 981-і  (90%) - еңбек, 115-і (10%) - құрылыс саласы бойынша) қаралып, заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып жауаптар берілсе, 27-і (оның 21-і - еңбек, 6-ы - құрылыс саласы бойынша) қаралу сатысында. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы бойынша:

Есепті мерзімде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы бойынша 175 тексеру жүргізілді, оның 31-і жоспар бойынша, 59-ы жоспардан тыс, 64-і прокуратура, 8-і Антикор органдарымен жүргізіліп, аталған құқық қорғау органдарына 85 қорытынды берілді.

Тексерулер нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 36  Нұсқама беріліп, оның 31-і (86%) орындалды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 116 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 20,8 млн. теңге айыппұл салынды, оның 15,2 млн. теңгесі (73%) өндірілсе, қалған 5,6 млн. теңгесі өндірілу сатысында.  

Бұдан бөлек, мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы түскен 1252 хабарламаның  заңдылығы тексеріліп, 752-і (60%) (бюджет есебінен – 218, жеке қаржыға - 534) тізілімге енгізілсе, 500 (40%) хабарлама заңнама талаптарына сәйкес ресімделмеуі себепті  кері қайтарылды.

Сондай-ақ, 962 объектіні пайдалануға қабылдау туралы актінің 449-на (46,6%) оң қорытынды берілсе (мем.мекеме – 167, жеке тұлға - 282), 513 (53,4%) актіге теріс қорытынды берілді (мем.мекеме - 121, жеке тұлға - 392).

Сол сияқты, 88 аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымдарынан
«Е-Qurylys» электронды жүйесіне 2672 айлық есептері түсіп, оның 2471-і (92,4%) қабылданса, 201-і (7,6%) дұрыс рәсімделмеуі себепті кері қайтарылды.

Бұған қоса, ағымдағы жылы құрылыс сапасына бақылау күшейтіліп, нысандардың  беріктігі мен орнықтылығына тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтарға жол берген 2-і мердігер мекемеге әкімшілік айыппұл салумен қатар лицензияларының кіші түрлерінен айыру жазасы қолданылса («Қазқұрылыс сервис» ЖШС-і мен жобалаушы «ТМ Проект строй» ЖШС-і),
5 техникалық қадағалау сарапшысына әкімшілік айыппұл салумен бірге аттестаттарының қолданысы 6 айға тоқтатылып, 1 техникалық қадағалау және 1 авторлық қадағалау сарапшысына аттестатынан айыра отырып, сарапшылық қызметін 3 жылға тоқтату жазасы қолданылды.

Есепті мерзімде Басқармамен көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметті алуға «Е-лицензирование» порталы арқылы 1775 өтініш түсті (лицензиялау – 1556, жобаларды басқару ұйымдарын аккредиттеу – 5, сарапшыларды аттестаттау - 214). Оның 1383-і (78%) бойынша лицензиялар мен аттестаттар берілсе (лицензия – 1331, жобаларды басқару ұйымдарын аккредиттеу – 5, сарапшылар аттестаты - 47), 392 (22%) өтініш бойынша тұлғалар біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және құжаттарын толық ұсынбауы себепті бас тартылды.

Еңбек заңнамасын бақылау саласы бойынша

2022 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыстағы кәсіпорындар мен мекемелерде 219 тексеру жүргізілді, оның 20-ы профилактикалық бақылау тәртібімен, 191-і жоспардан тыс, 8-і прокуратура органдарының талабы бойынша жүзеге асырылды.

Тексерулер нәтижесімен 354 заңбұзушылық анықталып, оларды жою жөнінде 133 Нұсқама берілді, оның 104-і (78%) орындалып, 286 (81%)  заң бұзушылықтар жойылды.

Анықтама үшін: анықталған 354 заң бұзушылықтың 271-і - еңбек заңнамасын, 79-ы - еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау, 4-і халықты жұмыспен қамту заңнамасын бұзуға қатысты болған.

Сонымен қатар, 100 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 40 тұлғаға – «ескерту» жасалса, 60 іс бойынша 7,3 млн. теңге айыппұл салынып, 3,9 млн. (53%) теңгесі өндірілді.

Еңбек шарттарын тіркеу  

Басқармамен жұмыс берушілерге жұмыскерлердің еңбек шарттарын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды түрде тіркеу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) берілген жоспардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы барлық қала, аудан әкімдіктеріне хаттар жолданды.

Министрлікпен бекітілген жоспар бойынша 2022 жылы 9968 субъектінің 164 657 еңбек шарты электронды жүйеге тіркелуі тиісті болса, жыл ішінде 10206 (102,4%) субъектінің 147 560 (89,6%) еңбек шарты тіркелді.

2022 жылы облыс бойынша электронды жүйеге тіркелмеген    7357 субъекті болды, оның басым көпшілігін жалдамалы жұмысшылар ұстайтын жеке кәсіпкерлер құраған.

Осыған орай, Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторлары жоспарда белгіленген көрсеткішке қол жеткізу үшін қала аумағындағы базар, сауда орталықтарында көп шоғырланған жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді және осындай шаралар барлық аудандарда жүрзеге асырылды.

Ұжымдық шарттар туралы

Облыста жұмыс жасайтын 9291 субъекті бар, оның 1306-ы (14%) мемлекеттік мекемелер, 7792-і (86%) шағын кәсіпорындар санатына жатады.

Есепті мерзімде 5912 субъектіде (63,6%) ұжымдық шарттар жасалған. Оның 1306-ын мемлекеттік мекемелер, 4606-ын кәсіпкерлік субъектілері құрайды. Оның ішінде, 133 ұжымдық шарт мерзімі бітуіне байланысты 2022 жылы тіркелді. Бүгінгі күнге 7792 шағын кәсіпорынның 3397-де (43,6%) ұжымдық шарттар жасалмаған.

Бұның негізгі себебі, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі бір адамнан тұратын жеке кәсіпкер субъектісі болып табылатындықтан, яғни оларда ұжым мүшелері (жұмыскерлер) болмағандықтан, ұжымдық шарттар жасалмаған. 

Жазатайым оқиғалар бойынша

Облыс аумағында жыл ішінде тіркелген 73 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілді, оның 46-ы (63%) еңбек қызметімен байланысты деп танылды. Салдарынан 50 жұмыскер зардап шегіп, 11-і қаза болған.

Жазатайым оқиғалар Қызылорда қаласында және Сырдария ауданында көп тіркелген.

Өткен жылмен салыстырғанда, жазатайым оқиғалар саны 9%-ға, зардап шеккендер 22%-ға, қаза болғандар 28%-ға азайған.

Анықтама үшін: 2021 жылы 79 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, 42-і еңбек қызметімен байланысты деп танылған, олардан 61 жұмыскер зардап шегіп, 14-і қаза болған.

Жалақыға қарыз мониторингі бойынша

Жұмыскерлерге жалақыға қарыз мәселесі ерекше бақылауға алынып, жыл көлемінде қолданылған ықпал ету шараларының нәтижесімен 10 кәсіпкерлік субъектілерінің 2382 жұмыскеріне 257,7 млн. теңге  жалақыдан қарызы төленді.

Анықтама үшін: «Кызылорда су жүйесі» КК, «Қыран» ЖШС, «Қазалы-су» МКК, «Арал Тұз» АҚ , «Қызылорда газ» ЖШС, «Магистраль KZ» ЖШС, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімдері, «Атамекен» ЖШС.

 

Еңбек даулары, үшжақты комиссия туралы

Облыста еңбек дауларының туындауына жол бермеу мақсатында, кәсіпорындардағы еңбек қатынастары мәселелеріне мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Есепті мерзімде өңірлік әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның 76 отырысы өткізіліп, онда еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелер қаралды. Жалпы қазіргі кезде облыстағы еңбек ұжымдарындағы ахуал тұрақты.

Анықтама үшін: облыстық үшжақты комиссия отырысы - 22 рет, оның ішінде облыс әкімінің төрағалығымен - 6 рет, қала, аудандарда -54 рет.

Жыл басынан бері облыста 6 компанияда жалақыны өсіру мәселесі көтерілген болатын. Бүгінгі күні аталған кәсіпорындардың 3021 жұмыскерінің жалақысы орта есеппен 50%-ға дейін көбейтіліп, ахуал тұрақтандырылды.

Анықтама үшін: «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС 01.03.2022 ж. бастап 3-50%;   «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ 01.04.2022 ж. бастап 30%; «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ 01.02.2022 ж. бастап 10-50%;  «CNEC» («СиЭнИСи») ЖШС  01.03.2022 ж. бастап 8%; «Ұлы қабырға (Қызылорда) Бұрғылау компаниясы» ЖШС 01.01.2022 ж. бастап 10 % және 01.04.2022 ж. бастап 10 мың теңгеге; «РЦКУ Қызылорда» ЖШС 01.04.2022 ж. бастап 50%-ға көтерген.

Бұған қоса, облыста еңбек дауларының туындауына жол бермеу мақсатында 52 кәсіпорынмен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумдар жасалды.

Жалақыны көтеру мәселесі бойынша

Қазіргі кезде жұмысшылардың табысын арттыру - басты назардағы мәселенің бірі болып отыр. Осы орайда, Еңбек министрлігінің мониторингінде облыс бойынша 42 443 жұмыскер жұмыс жасайтын 80 кәсіпорын тіркелген. Бүгінгі күні 80 кәсіпорын бойынша 34485 жұмыскердің жалақысы 4-50%-ға дейін көбейтілген.