Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы С.Ы. Мақашовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өткізілді

Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы С.Ы. Мақашовтың төрағалығымен  мәжіліс отырысы өткізілді

Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Мақашов Сұлтан Ысқақұлының төрағалығымен 31.08.2021 жылы хаттамалық мәжіліс өткізілді. Күн тәртібінде 3 мәселе талқыланды.  Басқарманың 8-айында атқарылған жұмыстарына ішінара шолу жасау және алдағы уақытта атқарылатын негізгі жұмыстар бағытын белгілеу. Басқармада лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау шараларын жүзеге асыру және оның сапасына мониторинг жүргізу. Қызылорда облыстық прокуратурасының 2021 жылғы   23 тамыздағы  №2-10-21-07967 хатын, яғни 2020 жылға және 2021 жылдың І-жартыжылдығында құрылыс аяқталған нысандарды есепке алу бойынша жүргізілген талдауын талқылау, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеуге қосымша шаралар белгілеу. Басқарма басшысы С.Ы. Мақашов жиын қорытындысымен бірқатар хаттамалық тапсырмалар беріп орындалуы бойынша басқарма басшысының орынбасарларына тапсырды.