«Мектепке жол» акциясы бойынша көмек көрсетілді

«Мектепке жол» акциясы бойынша көмек көрсетілді

Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында, еліміздің барлық аймақтарындағы сияқты біздің өңірде де тұрақты негізде жыл бойы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жұмыс істеп келеді. Акцияның басты мақсаты-жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету. Осы акция аясында Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы ұжымы өз тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1 отбасыға, көп балалы 1 отбасыға белгілі бір көлемде қаржы жинап көмек көрсетіп  және бүлдіршіндерге  алда келе жатқан жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.