Сырдария ауданы аумағынанда асар әдісімен шөп ору шарасы ұйымдастырылды

Сырдария ауданы аумағынанда асар әдісімен шөп ору шарасы ұйымдастырылды

Арал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты облыс әкімі аппараты тарапынан бастама көтеріліп қуаңшылықтың қиындығын бірге еңсеру үшін және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында Сырдария ауданы аумағынанда асар әдісімен шөп ору шарасы ұйымдастырылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қысылтаяң шақта облыс әкімі аппараты асар әдісімен ұйымдастырған шөп ору шарасына Басқарма тарапынан жастар бірігіп ортақ іске жанашырлық танытып межеленген жерге табан тіреп, мал азығын дайындау жұмыстарына кірісіп кетті. Орылған шөп арнайы техникалардың көмегімен ауданға жеткізілмек.