Басқарма басшысы Мақашов Сұлтан Ысқақұлының төрағалығымен жиналыс өткізілді

Басқарма басшысы Мақашов Сұлтан Ысқақұлының төрағалығымен жиналыс өткізілді
2021 жылдың I-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстарды қорытындылау және 2021 жылдың II жартыжылдығында жүзеге асырылатын негізгі міндеттері туралы хаттамалық мәжіліс өткізілді.
 
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы С.Ы.Мақашовтың төрағалығымен 2021 жылдың I-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстарды қорытындылау және 2021 жылдың  II жартыжылдығында жүзеге асырылатын негізгі міндеттері туралы хаттамалық мәжіліс өткізілді. Басқарма басшысының орынбасары М. Мырзабеков Басқарманың негізгі функцияналдық міндеттері бойынша 2021 жылдың І-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Басқарма басшысы С.Ы. Мақашов жиын қорытындысымен бірқатар хаттамалық тапсырмалар беріп орындалуына бақылау жасау басқарма басшысының орынбасары М. Мырзабековке тапсырды.
Атап айтқанда:
1) Облыс әкімімен бекітілген жоспараға сәйкес ағымдағы жылдың
II-жартыжылдығында құрылыс нысандарына бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстарын уақытылы және сапалы атқарылуын қамтамасыз ету.   
2) 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік» Кодексі бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырып, «Е-өтініш» немесе «Нәтиже» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен арыз-шағымдарды бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету.