Декларация тапсырудағы жаңа өзгерістер туралы Басқарма қызметкерлеріне түсіндірілді.

Декларация тапсырудағы жаңа өзгерістер туралы  Басқарма қызметкерлеріне түсіндірілді.

        Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы басқармасының ұйымдастыруымен  Қазақстан   Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы   Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI Заңына (бұдан әрі) сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 71- тарауы «жалпыға бірдей декларациялау» күшіне енуіне байланысты, Басқарма қызметкерлеріне 250.000 нысандағы декларацияны тапсыру тәртібіне қатысты түсіндіру жұмыстары Басқарма басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлының төрағалығымен отырыс өткізілді. 

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы кезеңі туралы Қызылорда қаласы бойынша кірістер басқармасының бас маманы Тыныс Қуанышбек Маратұлы баяндама жасады.

Бірінші кезеңде, яғни 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен жұбайлары (зайыптары), оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады.

Сонымен қатар, декларация 2020 жылғы 31- желтоқсандағы жағдайы бойынша 250.000 нысанда қағаз түрінде ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей, электронды түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей табыс етілуі тиіс екендігін атап өтті.