Объектіні пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеу және жолдау мәселесіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Объектіні пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеу және жолдау мәселесіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

        Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) басшысының тапсырмасына сәйкес Басқарманың  құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жүргізу бөлімінің мамандарымен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарына қарасты тапсырыс беруші бөлімдері және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық филиалдарының қатысуымен  «Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібіне» қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстарының басты мақсаты, объектіні пайдалануға қабылдау актілерін рәсімдеу кезінде белгіленген нормалар мен талаптардың сақталуы және алдағы уақытта объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібінің бұзылмауын қатаң бақылауға алынуы болып табылады.

Жиын барысында, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы       16 шілдедегі N 242 Заңының 75-1-бабының талаптары және «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығына енгізілген өзгерістер талқыланды.

Сонымен қатар, түсіндірме жүргізу барысында тапсырыс беруші аудандық бөлімдері және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық филиалдары мамандарының сұрақтары және  аталған тақырыпқа байланысты мәселелері тыңдалып, Басқарма мамандары тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

Басқармамен, алдағы уақытта Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты тапсырыс беруші бөлімдері мен жеке және заңды тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.