Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес әрбір құрылыс объектісінде «Объектінің паспорты (ақпараттық қалқаны) көпшілікке көрінетін жерде орналастырылуы тиіс. Сонымен қатар, құрылыс алаңының тазалығын сақтау, құрылыс қалдықтарын уақытылы шығару, көлік дөңгелектерін жуу пункттерімен жабдықтау, өрт қауіпсіздігі құралдарын орнату және құрылыс алаңы мен қауіпті аймақтарды қоршау қажет екендігі жөнінде мердігерлерге қатаң ескертті.