Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында құқықтық семинар өткізілді.

Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында құқықтық семинар өткізілді.
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында құқықтық семинар өткізілді.
Күн тәртібінде Мемлекет басшысы 2026 жылғы 19 мамырда қол қойған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңына енгізілген өзгерістері қаралды.
Құқықтық семинарымызға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұртаев Талғат Мұхамбетжанұлы және Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Абтикерова Мақпал Төлегенқызы қатысты.
Семинар барысында Жаңа заңның мемлекеттік қызметке қабылдау және қызмет өткеру тәртібі жаңартылып, меритократия қағидаты күшейтілгені, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі нақтырақ айқындалғаны, әдеп талаптары күйшетіліп, мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер үшін тәртіптік жауапкершілік шаралары кеңейтілгені және еңбек жағдайлары жақсартылғаны жөнінде толығырақ түсіндірілді.
Сонымен бірге, қызметтік мәдениетті арттыру яғни, әріптестермен қарым-қатынас кезіндегі әдеп стандарттарын, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылығын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру, алдын алу, болдырмау бағыты бойынша тоқталды