Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексінің негізгі ережелері мен оны іске асыру тетіктерін талқылауға арналған мәжіліс өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармаларының басшылары мен мамандары қатысты.
Мәжіліс барысында жаңа Құрылыс кодексінде көзделген негізгі өзгерістер, құрылыс саласындағы мемлекеттік бақылауды жетілдіру, заңнаманы бірізді қолдану және алдағы міндеттер кеңінен талқыланды.