Президент паркінде орнатылған шолу дөңгелегін (колесо обозрения) пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы түсіндірме жүргізілді

Президент паркінде орнатылған шолу дөңгелегін (колесо обозрения) пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы түсіндірме жүргізілді

Басқарманың мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің қызметкерлері мен Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы және бас мердігер «Alem Qurylys AQ» ЖШС-нің жауапты маманымен бірлесіп президент паркіндегі орнатылған шолу дөңгелегіне (колесо обозрения) шолу жүргізілді. Жаңадан орнатылған шолу дөңгелегін ҚР СТ 3359-2019 ұлттық стандарттарына сәйкес есепке қою жөнінде және оларды іске қосу, пайдалану барысында қойылатын қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндірме берілді.