Басқарма басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлының төрағалығымен жиналыс өткізілді.

Басқарма басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлының төрағалығымен жиналыс өткізілді.

Басқарма басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлының төрағалығымен жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде Басқармамен 2020 жылдың 10-айында атқарылған жұмыстар туралы және Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармаcында орын алған жағдаймен басқарма қызметкерлерін таныстыру мәселесі қаралды.

Жиын соңында басқарманың әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысының хабарламасын тыңдаған соң басқарма басшысы саладағы бақылауды одан әрі күшейтуді, заң бұзушылықтарға жол бермеуді хаттамалық тапсырмалармен жүктеді.

Сонымен бірге, басқарма басшысының орынбасарлары мен бөлім басшыларынан қарамағындағы қызметкерлерге қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда тікелей жауапкершілігі қаралатындығын айтып, жауапкершілікпен жұмыс атқаруды талап етті.

Жиын қорытындысымен басқарма басшысы қызметкерлер тарапынан жұмыс кезінде және одан тыс уақыттарда қызметтік этиканың қатаң сақталуына талапты күшейтіп, оларды сыбайлас жемқорлық және басқа да түрлі құқық бұзушылықтардан сақтандыру мақсатында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырып, бұл жөнінде жұмыстар тікелей өз бақылауында болатынын жеткізді.