Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы басқарма қызметкерлерімен бірге Қызылорда қаласы, Махамбетов ауылында жүргізіліп жатқан электр желілері құрылысына, сол жағалауда пайдалануға берілген қан орталығы және автовокзал нысандарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында, мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертті.