Басқарма басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлының төрағалығымен жиналыс өткізілді.

Басқарма басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлының төрағалығымен жиналыс өткізілді.

Басқарма басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлының төрағалығымен жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде басқарманың негізгі функционалдық міндеттері бойынша 2020 жылдың ІІІ-ші тоқсанда атқарған жұмыстарын қорытындылау және 2020 жылдың 4 тоқсанында жүзеге асырылатын негізгі міндеттерді белгілеу және "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ-мен бірлесіп әзірленген «Halyq Monitoring» жобасынның қолданылуы жөнінде басқарма қызметкерлеріне түсіндіру мәселесі қаралды.

Жиын барысында, басқарма басшысының орынбасарлары И.Махшатов және М.Мырзабеков хабарламаларын жасады.

Басқарма тарапынан жүргізіліп жатқан тексеру шараларын өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Тексеру барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында қозғалған әрбір әкімшілік іс құжаттарын мұқият зерттеп, әкімшілік жаза қолдану туралы актілерді ресімдеу кезінде ҚР ӘҚБтК-нің нормаларына сәйкес барлық мән-жайлардың қамтылуын үнемі бақылауда ұстауды талап етті.

Сонымен бірге, «Halyq Monitoring» жобасының мақсаты – мемлекет тапсырысы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары туралы барлық ақпаратты (нысан құрылысының басталған және аяқталатын мерзімі, бөлінген қаржы көлемі, мердігер мекеме және т.б. мәліметтер) арнайы сайтта орналастыру арқылы оған халықтың қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету, құрылыстың сапасына қатысты тұрғындармен кері байланыс орнату жолымен орын алған бұзушылықтарды дер кезінде жоюға жағдай жасалғандығын айтып өтті.

Жиын соңында басқарма басшысы берілген тапсырмалардың мерзімінде және нәтижелі орындалуы тікелей өз бақылауында болатынын жетікізді.