Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы басқарма қызметкерлерімен бірге Қызылорда қаласы Белкөл кентінде және Ақсуат ауылдык округінде күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан жол құрылыстарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында, мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертті.