Қала аумағында салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізілді.
Қызылорда облысының әкімі Н.М. Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес қала аумағында құрылыс объектілеріне мониторинг жүргізілді.
Қызылорда облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қалиев Гижан Пиртазайұлы басқарма қызметкерлерімен бірлесіп Қызылорда қаласының аумағында жылу желілерінің құрылысына мониторинг жүргізді, онда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Мониторинг барысында мердігер ұйымдар құрылыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс, ал техникалық, авторлық қадағалау органдары құрылыс объектілеріне бақылауды күшейтуі тиіс деп ескертті.