Сырдария ауданында салынып жатқан құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Сырдария ауданында салынып жатқан құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Сырдария ауданында салынып жатқан құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс аумағындағы құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы Сырдария ауданы әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлымен бірге Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылдық мектепті күрделі жөндеу жұмыстарына, С.Сейфуллин, Шаған және Шіркейлі ауылдарында күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан жол құрылыстарына, Шаған ауылдық амбулаториясын күрделі жөндеу және Руханият орталығы нысанына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында, мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертті.