Қазіргі таңда аттракциондар – балалар мен ересектердің бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізудің бірден-бір құралы. Алайда мұндай нысандарды қауіпсіз пайдалану, оларды заңнамалық талаптарға сәйкес тіркеу мен техникалық бақылаудан өткізу – адам өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ерекше маңызға ие.
Аттракциондарды есепке алу және оларды қауіпсіз пайдалану – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды процесс. Заңнамалық талаптарды қатаң сақтау арқылы ғана ойын-сауық қызметтері қауіпсіз әрі сапалы түрде көрсетіледі.
Аттракциондарды есепке алу және пайдалану кезінде заңнама талаптарын сақтамау әкімшілік құқықбұзушылық немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының СТ 3359-2019 ұлттық стандартына сәйкес аттракциондарды есепке қою, пайдалануға беру және техникалық куәландыру белгілі бір тәртіппен жүзеге асырылады.
Аттракциондарды есепке алу тәртібі
Аттракциондарды алғаш рет пайдалануға енгізу алдында оларды уәкілетті мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеу қажет. Тіркеу барысында аттракциондардың техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі.