БЕКІТЕМІН
Қызылорда облысының
бақылау жөніндегі
басқармасының басшысы
_____________Ғ.П. Қалиев
«____»__________ 2025 жыл
Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының
2025 жылға арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
р/с |
Іс-шаралар атауы |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындау тәсілі
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. БАСШЫЛЫҚ |
|||||
1. |
Басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы және заңнамада белгіленген мерзімде берілуіне жетекшілік жасау және бақылау. |
Ай сайын |
М.Мырзабеков |
Атқарылған жұмыстар туралы басқарма басшысына баяндау. |
|
2. |
Бекітілген жоспарға сәйкес құрылыс бақылау салалары бойынша субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру және бақылау жасау. |
Ай сайын |
М.Мырзабеков
|
Атқарылған жұмыстар туралы басқарма басшысына баяндау. |
|
3. |
Құрылыс сапасын және техникалық (авторлық) қадағалау субъектілерінің қызметіне бақылау жасау, сондай-ақ салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу шараларын үйлестіру және жетекшілік жасау. |
Тұрақты |
М.Мырзабеков |
Атқарылған бақылау шараларының нәтижелерін ай сайын басқарма басшысына баяндау. |
|
4. |
Басқарманың бекітілген жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алу процестерін өткізуге жетекшілік жасау, қаржының толық иегрілуін үйлестіру. |
Жыл көлемінде |
М.Мырзабеков |
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және қаржыны игеру барысы туралы басқарма басшысына баяндау |
|
5. |
Жетекшілік жасайтын басқарманың құрылымдық бөлімдеріндегі қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік сипаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау шараларын ұйымдастыру. |
Тоқсан сайын |
М.Мырзабеков
|
Атқарылған шаралар туралы басқарма басшысына баяндау. |
|
2. ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БӨЛІМІ |
|||||
6. |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік кірістер органына 2024 жылға мүліктері туралы декларация тапсыруын қамтамасыз ету. |
Маусым |
Е.Сомтемиров А.Шонбай А.Жолдасбекова
|
Декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органы берген анықтамаларды жинақтау және қызметкерлердің жеке істеріне тіркеу, нәтижесін басқарма басшысына баяндау. |
|
7. |
Басқармада босаған орындарды қажетті кадрлармен жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында қызметке таңдау, орналастыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру. |
Жыл көлемінде |
Е.Сомтемиров А.Жолдасбекова
|
Басқармаға қажетті мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарына қызметке қабылдау жұмыстарын орындау. |
|
8. |
Қызметке алғаш рет қабылданып, арнайы тексерудің оң қорытындысын алған мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Ант қабылдауын ұйымдастыру. |
Жыл көлемінде |
Е.Сомтемиров А.Жолдасбекова
|
Мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде Ант қабылдауын өткізу. |
|
9. |
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу және қарау жағдайына талдау жасап, бұл саладағы қызметтің сапасын арттыруға шаралар көру. |
Жарты жыл сайын |
Е.Сомтемиров А.Жолдасбекова
|
Талдау жасау, басқарма басшысына баяндау, қажеттілігіне қарай мәжілісте талқылау. |
|
10. |
Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін тағылымдамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру. |
Жыл көлемінде |
Е.Сомтемиров А.Жолдасбекова
|
Жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізу. |
|
11. |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын жылдық бағалау шараларын ұйымдастыру. |
Желтоқсан |
Е.Сомтемиров А.Жолдасбекова
|
Бағалау нәтижелері туралы облыс әкімі аппараты мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне ақпарат жолдау. |
|
12.
|
Басқармада мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасау деректеріне және мемлекеттік қызметшілерді жағымсыз себептермен босату жағдайларына талдау жасап, уәкілетті органмен салыстырмалы актіні бекіту. |
Тоқсан сайын |
Е.Сомтемиров А.Шонбай А.Жолдасбекова |
Талдау жасау және ҚСжАЕК-нің Қызылорда облысы бойынша басқармасына есебін ұсыну. |
|
13. |
Басқарма қызметінің ашықтығын, халықтың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен, әлеуметтік желілерімен және басқарманың ресми сайтымен жұмыстарды үйлестіру. |
Жыл көлемінде |
Е.Сомтемиров А.Жолдасбекова
|
Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және басқарманың ресми сайтында құрылыс және еңбек саласында атқарылған бақылау шаралары туралы мақалалар мен жаңалықтар жариялау шараларын ұйымдастыру. |
|
14. |
Басқармада әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу және олар бойынша шешім қабылдау жағдайына талдау жасап, нәтижесімен бұл саладағы қызметтің сапасын арттыруға шаралар белгілеу. |
Шілде, Желтоқсан |
Е.Сомтемиров А.Шонбай |
Талдау нәтижесін басқарма басшысына баяндау, қажеттілігіне қарай мәжілісте талқылау.
|
|
15. |
Басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін және құқықтық сауаттылығы денгейін арттыру мақсатында құқықтық сабақтардың өткізілуін ұйымдастыру. |
Тоқсан сайын |
Е.Сомтемиров А.Шонбай |
Бекітілген жоспарға сәйкес лекциялар, семинарлар және құықтық сабақтар өткізу. |
|
16. |
Басқарманың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізу. |
Желтоқсан |
Е.Сомтемиров А.Шонбай |
ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне ақпарат .жолдау. |
|
17. |
Қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған басқарманың қызметкерлерін анықтау шараларын жүргізу. |
Тоқсан сайын |
Е.Сомтемиров А.Шонбай |
Анықталған деректерді басшылыққа баяндап, алдын алу шараларын ұйымдастыру. |
|
18. |
Басқарманың талапкер және жауапкер ретінде қатысуымен соттарда қаралған азаматтық істер бойынша қабылданған шешімдерге талдау жасау. |
Желтоқсан |
Е.Сомтемиров А.Шонбай
|
Талдау нәтижесімен соттарда басқарманың мүддесін қорғау қызметінің сапасын арттыруға қосымша шаралар белгілеу. |
|
3. ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН, ТЕХНИКАЛЫҚ (АВТОРЛЫҚ) ҚАДАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ БӨЛІМІ |
|||||
19. |
Басқармада лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге ішкі бақылау шараларын жүзеге асыру және оның сапасына мониторинг жүргізу. |
Ай сайын |
Б.Оналбаев А.Жалғас Ж.Даулетияр Б.Қожаберген Д.Ерланұлы |
Атқарылған жұмыстардың есебін ай сайын Қызылорда облысының әкімдігіне ұсыну және облыс әкімдігінің kyzmet.orda.gov.kz сайтына есептік ақпаратты енгізу. |
|
20. |
Мемлекеттік лицензия алған заңды және жеке тұлғалардың, аттестат алған сарапшылардың реестрлерін жүргізу. |
Ай сайын |
Б.Оналбаев А.Жалғас Б.Қожаберген Д.Ерланұлы
|
Лицензиаттар мен сарапшылардың реестрлерін әзірлеп, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жолдау. |
|
21. |
«Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шарушылық істері жөніндегі комитетінің негізгі қызметі бойынша ведомстволық есептер (мәліметтер) нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 02.11.2016 жылғы № 466 бұйрығының 2-тармағын орындау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтердің |
Ай сайын |
Б.Оналбаев А.Жалғас Ж.Даулетияр Б.Қожаберген Д.Ерланұлы Б.Ислам |
Есептік ақпаратты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жолдау. |
|
22. |
Бөлімнің лицензиялау және аттестаттау саласы бойынша атқарған жұмыстарының есебін жүргізу және есептік ақпарат әзірлеу.
|
Ай сайын |
Б.Оналбаев А.Жалғас Ж.Даулетияр Б.Қожаберген Д.Ерланұлы Б.Ислам |
Басқарманың мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөліміне мәлімет ұсыну және есептік ақпаратты www.arm.elicense.kz порталына енгізу. |
|
23. |
Басқарманың ресми интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерінің және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің орналасуын қамтамасыз ету (бекіту мерзімдерінің сақталуы, талдануы). |
Үнемі |
Б.Оналбаев А.Жалғас Ж.Даулетияр
|
Есептік ақпаратты Қызылорда облысы әкімі аппаратына жолдау.
|
|
24. |
«e-Qurylys» электронды жүйесі арқылы келіп түскен техникалық қадағалау сарапшыларының есептері негізінде объект құрылысының жай-күйіне талдау жасау. |
Ай сайын |
Б.Оналбаев А.Жалғас Ж.Даулетияр Р.Жүсіпназар Б.Қожаберген Д.Ерланұлы Б.Ислам |
Талдау нәтижесімен заңнамаларға сәйкес ықпал ету шараларын көріп, басқарма басшысына баяндау. |
|
25. |
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен басқармаға келіп түскен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталатыны немесе тоқтатылатыны туралы хабарламалардың заңдылығын зерттеу. |
Тұрақты
|
Б.Оналбаев А.Жалғас Ж.Даулетияр Р.Жүсіпназар Б.Қожаберген Д.Ерланұлы Б.Ислам |
Анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға ықпал ету шараларын қолдану. |
|
26. |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан келіп түскен объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің заңнамаларда белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру. |
Тұрақты |
Б.Оналбаев А.Жалғас Ж.Даулетияр Р.Жүсіпназар Б.Ислам |
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында тиісті мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға ықпал ету шараларын қолдану. |
|
27. |
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы № 648 бұйрығына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау, нәтижесімен шешімдер қабылдау. |
Тұрақты
|
Б.Оналбаев А.Жалғас Ж.Даулетияр |
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шешімдер қабылдау. |
|
28. |
Қалалық, аудандық сәулет және құрылыс бөлімдерімен бірлесіп, салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу, анықталған бұзушылықтарды жюға шаралар көру. |
Тұрақты |
Б.Оналбаев А.Жалғас Ж.Даулетияр |
Мониторинг нәтижелерін және қолданылған шаралар туралы басқарма басшысына баяндау. |
|
29. |
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөлімімен бірлесіп, Қызылорда қаласы мен аудандарда сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңнамалар бойынша дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер өткізу. |
Тоқсан сайын |
Б.Оналбаев А.Жалғас Ж.Даулетияр Р.Жүсіпназар Б.Қожаберген Д.Ерланұлы Б.Ислам |
Дөңгелек үстелдер мен семинар-кеңестер өткізу. |
|
4. МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ |
|||||
30. |
Бекітілген жартыжылдық жоспарларға сәйкес субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау шараларын жүзеге асыру. |
Ай сайын |
Б.Сейфұлмәліков Е.Асқаров М.Серікбай Н.Өтепбергенов Е.Утепов Б.Бексұлтан А.Қошалақов М.Жұмабек Н.Дармағанбетов |
Анықталған бұзушылықтарды жоюға заңнамаларда көзделген шараларды қолдану. |
|
31. |
Қалалық, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің құрылыс нысандарын салу мәселелеріне қатысты мониторингтері мен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тексеру шараларын ұйымдастыру. |
Ай сайын |
Б.Сейфұлмәліков Е.Асқаров М.Серікбай Н.Өтепбергенов Е.Утепов Б.Бексұлтан А.Қошалақов М.Жұмабек Н.Дармағанбетов |
Тексеру нәтижелерімен анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген шараларды қолдану. |
|
32. |
Облыс аумағында құрылысы салынып жатқан және құрылысы тоқтап тұрған нысандардың есебін жасап мониторинг жүргізу, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен өзара іс-қимыл жасау. |
Ай сайын
|
Б.Сейфұлмәліков Е.Асқаров М.Серікбай Н.Өтепбергенов Е.Утепов Б.Бексұлтан А.Қошалақов М.Жұмабек Н.Дармағанбетов |
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне атқарылған шаралар туралы есебін жолдау.
|
|
33. |
Құрылыс нысандарында құрылыс субъектілері тарапынан қолданылатын конструкциялардың, материалдар мен бұйымдардың сапасына қатысты мемлекеттік нормативтердің сақталу жағдайына талдау жасау. |
Желтоқсан |
Б.Сейфұлмәліков Е.Асқаров М.Серікбай Н.Өтепбергенов Е.Утепов Б.Бексұлтан А.Қошалақов М.Жұмабек Н.Дармағанбетов |
Талдау нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмауға шара көру туралы тиісті мекемелерге ақпараттық хат жолдау. |
|
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Е. Сомтемиров