Bgov бизнесті қолдаудың бірыңғай порталы пайдалануға енгізілді

Bgov бизнесті қолдаудың бірыңғай порталы пайдалануға енгізілді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 452 қаулысымен бекітілген Құндылықтарды және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасының іс-шаралар жоспарының Холдинг базасында «бірыңғай терезе» құруды, сондай-ақ Холдингтің компаниялар тобы ұсынатын қызметтерді танымал етуді көздейтінін 7-тармағын орындау мақсатында, Bgov бизнесті қолдаудың бірыңғай порталы тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

Қазіргі уақытта Порталдың бірқатар функционалдық мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу/авторизация, әртүрлі сүзгілерді қолдана отырып қызметтерді таңдау жүзеге асырылды, жеке кабинеттер, әкімші модулі жасалды, еншілес ұйымдардың сыртқы жүйелеріне үзіліссіз көшу үшін SSO (single sign-on) сервері, сондай-ақ берілген өтінімдер мәртебесін алу бойынша сервистер әзірленді.

Қазіргі уақытта Порталда Холдингтің компаниялар тобы ұсынатын қаржылық қолдау шараларының 22 паспорты жарияланды. Болашақта Портал интеграциясының периметріне Холдингтің компаниялар тобына кірмейтін операторларды енгізу жоспарлануда.