Қызылордалық оқушыларға арт-терапия өткізілді

Қызылордалық оқушыларға арт-терапия өткізілді

Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің психологы Гүлжайна Нетбаеваның ұйымдастыруымен 3 желтоқсан — Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында облыстық №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатының оқушыларына арт-терапия өткізілді. 

Оқушылар алдымен Жастар ресурстық орталығының жұмысымен, орталық ғимаратымен танысып, түрлі мағлұматтар алды. Бұдан кейін орталық қызметкері, талантты кескіндемеші А.Абдрашеваның сүйемелдеуімен акварель көмегімен  арнайы дайындалған композицияны салып, шығармашылық эксперимент жасады. Оқушылар арт-терапия барысында сурдолог-педагогтың көмегіне жүгініп, орталық мамандарымен кері байланыс орнатты. 

Терапия барысында суреттермен танысып, бояғышты таңдап, жұмысын жетілдіре отырып, эстетикалық талғамын шыңдады. Шара соңында оқушылар ұйымдастырушыларға сурдолог көмегімен алғыстарын айтып, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, психолог Гүлжайна Нетбаева жасөспірімдермен, жастармен үздіксіз жұмыс жасап келеді. Психолог-маман бұған дейін Қызылорда облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатының оқушыларына психологиялық кеңес берген болатын