Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Әділет вице-министрімен кездесті

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Әділет вице-министрімен кездесті

 Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековпен кездесті.

Вице-министр ұлттық заңнаманы қалыптастыру және дамыту шеңберіндегі жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Мұнан бөлек, өңірде зияткерлік меншік құқығын қорғау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметтер сәтті түрде жүзеге асқанын тілге тиек етті.

Әділет министрлігі 119 нөмірі бойынша тегін тәулік бойы құқықтық ақпараттық кеңес береді.

Биыл «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, тегін заң көмегін алатын азаматтардың қатары артты. Осы жылдың 11 айында Қызылорда облысында 5 мыңға жуық азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген.

Кездесу соңында алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды атқару мәселесі пысықталды.

Айта кетейік, Бекболат Молдабеков Достық үйінде Қызылорда облысының тұрғындары және қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде Констиутцияда көрсетілген жаңа Заңның талаптары айтылып, тұрғындар өзекті мәселелерін ортаға салды. Сонымен қатар іс сапар барысында вице-министр аймақтың тілшілеріне сұхбат беріп, Конституцияға енгізілген өзгерістерді баяндап өтті.