Таза су, және де сенімді кәріз

Таза су, және де сенімді кәріз

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті ұйымдастырған баспасөз туры барысында жергілікті БАҚ өкілдері "Қызылорда су жүйесі"МКК нысандарында болды. Кәсіпорын директорының орынбасары Нұрлан Өтепов мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарымен таныстырды.

Кәсіпорынның активтерін жаңғырту, қолдау, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру үшін Департамент пен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бірлескен бұйрығымен 2020-2024 жылдарға 423,167 миллион теңге сомасына инвестициялық бағдарлама бекітілді.

Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 2021 жылы сумен жабдықтау және су бұрудың 12 объектісін реконструкциялауға 99,4 миллион теңге бағытталды, нақты орындау сомасы 85,8 миллион теңгені құрады. 1,3 шақырым су құбыры және 1,1 шақырым кәріз желілерін Күрделі жөндеу және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілді.

Шымбай-Сахи Романов көшелерінің қиылысындағы Қыдыров, Сахи Романов көшелеріндегі №12 "Червякова" кәріз сорғы станциясын КП дейін қайта жаңартуды "Механизатор-К"ЖШС жүзеге асырды. Жақын маңдағы көшелердің тұрғындары жұмыстың уақытылы аяқталуына үміттенеді.

Осы серіктестік желтоқсан, М.Әуезов, Бостандық көшелерінде сумен жабдықтау жүйесін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыстар қыркүйек айында аяқталуы керек.

Бөкейхан көшесіндегі су жинағыштан Төле би, Е.Көшербаев, Баймағанбетов және Жеңіс көшелерінің қиылысындағы су жинағышқа дейін сумен жабдықтау жүйесін жөндеуді "Әлем-Құрылыс"Корпорациясы" серіктестігі жүргізеді. Жұмыстарды ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.

- 2022 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 210 миллион теңгеге 2,9 шақырым арынды ауыз су жүйесін және бір су бұру объектісін күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көзделген. Қазір мердігерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ауыз судың сапасын жақсарту және кәріз жүйелерінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады, - деп атап өтті Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Ғалым Тойлыбек.

2022 жылы ұзындығы 18,6 шақырым су тарту құрылысы мен су құбыры желілерін, екі кәріз-сорғы станциясын, 5,56 шақырым кәріз желілерін реконструкциялау үшін 2543,1 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Тапсырыс беруші-Қалалық құрылыс бөлімі.